Қайырлы күн! Біздің сайтта "пайдалы ақпарат" бөлімінде Сіз «Дерматовенерологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережені бекіту туралы» № 312 бұйрыққа, дерматовенерологиялық көмек көрсету стандартына, сондай-ақ біздің бейініміз бойынша диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сілтеме таба аласыз.
Сұрақ-жауап
Қайырлы күн! Оқытудың базалық курсы 2018 жылғы 23-25 қазанда Атырау қаласында өтеді, Дерматоскопияның озық курсы 2018 жылғы 22 қазанға Астана қаласында жоспарланған. Барлық сұрақтар бойынша Сіз Әбдірахманова Әлия Серікқызы +77019404116, +77713718934, email: aliya_abdr@mail.ru
Қайырлы күн! Қазақстандық дерматовенерологтар, дерматокосметологтар қауымдастығына кіру үшін Сіз біздің сайттан жүктей алатын өтінім нысанын толтыруыңыз, сондай-ақ жеке куәліктің көшірмесін ұсынуыңыз және жылдық мүшелік жарнаны төлеуіңіз қажет. Барлық құжаттарды электрондық поштаға жіберуге болады dermatology.kz@gmail.com немесе нысанды тікелей КАДД сайтында толтырыңыз.
Сұрақ қою
