«Псориаз терапиясындағы болашақ» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы
2023 жылғы 27 қазанда Астана қаласында «Астана медицина университеті» КеАҚ дерматовенерология және Дерматокосметология кафедрасының және қазақстандық дерматовенерологтар, дерматокосметологтар қауымдастығының бастамасымен шақырылған шетелдік және отандық спикерлердің қатысуымен «Псориаз терапиясындағы болашақ» атты өңірлік ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Баяндамашылар ретінде сөз сөйлегендер:
• КеАҚ «Астана медицина университеті» дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының қызметкерлері;
• шақырылған спикерлер:
o Курдина М.И. – медицина ғылымдарының докторы, профессор, МЕДСИ клиникасының жетекші маманы (Мәскеу қ., РФ).
o Баев А.И. – медицина ғылымдарының кандидаты, пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметінің дәрігер-сарапшысы, Алматы қ. ҚДСБ-ның ШЖҚ «Тері-венерологиялық диспансері» КМК (Алматы қ.).
o Ахенбекова А. – медицина ғылымдарының кандидаты, ревматолог дәрігер, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ревматология кафедрасының доценті (Алматы қ.).
• КЕАҚ МУА дерматовенерология мамандығы бойынша 1 және 2 курс резиденттері.
Іс-шараға Қазақстанның 10 қаласынан (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Семей, Орал) 150-ден астам дерматовенеролог дәрігер қатысты. Сондай-ақ КЕАҚ «Медицинский Университет Астана» және ҚР өзге де медициналық университеттерінің профильдік кафедраларының дерматовенерология мамандығы бойынша 1 және 2 курс резиденттері, сондай-ақ ревматолог дәрігерлер белсенді қатысушылар болды.
Қатысқандарыңыз үшін баршаңызға алғыс айтамыз және алдағы кездесулерде жүздескенше!







