Тілдер

You are here

Өзбекстан дерматовенерологтары мен косметологтарының VIII съезі

 
КАДД Президенті, профессор Батпенова Гульнар Рыскельдиевна жетекшілігіндегі Қазақстан делегациясы Өзбекстан дерматовенерологтары мен косметологтарының VIII съезіне қатысты. Аталған іс-шара Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің дерматовенерология және косметология бойынша Республикалық мамандандырылған ғылыми-тәжірибелік медициналық орталығының 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Күншуақты Өзбекстандағы әріптестерімізге — @dermatology.uz — жоспарларының табысты іске асырылуын, барлық бастамаларында сәттілік тілейміз! Командаларыңызда шығармашылық рух, жаңа белестерді бағындыруға ұмтылыс, шеберлік пен кәсібилікті үздіксіз шыңдау үстем болсын!

Сіз дәрігер немесе медициналық қызметкерсіз бе?