"Дерматоскопия негіздері"
29 Мамырда «Дерматоскопия негіздері» кезекті базалық курсы аяқталды, ол біздің Республикамыздың аумағында бесінші рет өткізілді және ең көп деп санауға болады. Биылғы жылы оқытуға Қазақстанның 12 қаласынан 56 дерматовенеролог және онколог дәрігер және 24 резидент дәрігер қатысты.
Бұл заманауи диагностикалық тәсілге қызығушылықтың артуына ең алдымен біздің тамаша лекторымыз, серіктесіміз әрі досымыз — доктор Раймондс Карлс — ел бойынша «дерматоскопия вирусының» қарқынды таралуына түрткі болған тұлғаға қарыздармыз!
Жаңа кездесулерді асыға күтеміз!

