Халықаралық псориаз күні
Халықаралық Псориаз күні аясында қазақстандық дерматовенерологтар, дерматокосметологтар қауымдастығының президенті, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Батпенова Гульнар Рыскельдыевна осы созылмалы дерматозды емдеу саласындағы қазіргі заманғы ерекшеліктері мен жаңа жетістіктері туралы баяндама жасады. Тыңдаушылар ретінде елорданың жетекші клиникалары мен медициналық орталықтарының 40-тан астам дәрігері қатысты!










