Кездесу форматы - интерактивті ойын түрінде-емдеудің соңғы халықаралық алгоритмдері туралы біліп қана қоймай, сонымен қатар Сіздің біліміңіз бен клиникалық ойлауыңызды тексеруге мүмкіндік берді.
Жаңалықтар
Халықаралық Псориаз күні аясында қазақстандық дерматовенерологтар, дерматокосметологтар қауымдастығының президенті, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Батпенова Гульнар Рыскельдыевна осы созылмалы дерматозды емдеу саласындағы қазіргі заманғы ерекшеліктері мен жаңа жетістіктері туралы баяндама жасады. Тыңдаушылар ретінде елорданың жетекші клиникалары мен медициналық орталықтарының 40-тан астам дәрігері қатысты!
Біздің тұрақты серіктесіміз әрі жақын досымыз — доктор Раймондс Карлс өткізген дерматоскопия бойынша кезекті курс сәтті аяқталды! Енді дерматоскопия «вирусымен» Атырау, Ақтау, Алматы, Астана, Қызылорда, Ақтөбе және Орал қалаларынан келген тағы 22 дерматолог пен онколог «жұқтырылды»! Біз жаңа кездесулерді асыға күтеміз!
2018 жылғы 26 қазанда Атырау қаласында «Дерматовенерология мен дерматокосметологияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық қатысуымен республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шара жұмысына қатысты:
- Қазақстандық дерматовенерологтар, дерматокосметологтар қауымдастығының президенті, м.ғ.д., профессор Г. Р. Батпенова
- Латвия дерматоскопия қоғамының төрағасы доктор Раймондс Карлс
- Облыстық тері-венерологиялық диспансерлердің бас дәрігерлері
- ҚР өңірлерінің дерматовенерологтары, дерматокосметологтары, онкологтары, гинекологтары.
Конференция бағдарламасы заманауи дерматовенерологияның ең өзекті мәселелерін қамтыды және тері ауруларын диагностикалау және емдеу саласындағы соңғы жетістіктермен танысуға мүмкіндік берді.




