Атопиялық дерматиттің алдын алу және емдеуге пәнаралық көзқарас
Наурыз мерекесі қарсаңында дерматовенерология саласы мамандарының көптен күткен офлайн кездесуіне арналған «Атопиялық дерматиттің алдын алу және емдеуге пәнаралық көзқарас» атты ғылыми іс-шара өтті. Бұл шара Қазақстан дерматовенерологтар және дерматокосметологтар қауымдастығының ұйымдастыруымен, La Roche Posay концернінің қолдауымен өтті.
Спикерлер:
- ҚР-ның Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР ДСМ және Нұр-Сұлтан қ. ДСБ бас штаттан тыс дерматовенерологы, Қазақстан дерматовенерологтар, дерматокосметологтар қауымдастығының Президенті, м.ғ.д., профессор Батпенова Гульнар Рыскельдиевна
- АМУ КеАҚ дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының ассоциирленген профессоры, доцент, к.м.н. Джетписбаева З.С.
Қатысушылар атопиялық дерматиттің қазіргі ағым ерекшеліктері, өзекті терапия алгоритмдері мен жаңартылған диагностикалау және емдеу клиникалық протоколы, сондай-ақ осы санаттағы пациенттерге арналған адъюванттық емдеу құралдары туралы жаңа білім алды.
Біз офлайн кездесулерді қатты сағындық, алда осындай іс-шаралар көп болады деп үміттенеміз.
Әрдайым бізбен бірге болыңыздар!

