Әзірбайжан дерматовенерологтар қауымдастығының «Дерматовенерологияның бірлігі үшін» бірінші халықаралық конгресі
2019 жылғы 4 қазанда Баку қаласында Әзірбайжан дерматовенерологтар қауымдастығының «Дерматовенерологияның бірлігі үшін» бірінші халықаралық конгресі өтті. Бұл ауқымды іс-шараның мақсаты дерматовенерологияны, дерматопатологияны және дерматокосметологияны дамытуға жәрдемдесу, дәрігерлермен және ғалымдармен халықаралық байланыстарды нығайту, сондай-ақ білім деңгейін арттыру болды.
Қазақстандық дерматовенерологтар, дерматокосметологтар қауымдастығының Президентіне, профессор Г. Р. Батпеноваға екі ел арасындағы жәрдем мен ынтымақтастыққа сіңірген еңбегі үшін Әзірбайжан дерматовенерологтар қауымдастығының құрметті мүшесі атағы берілді.
Гүлнар Рыскельдиевнаны зор қуанышпен құттықтаймыз және асыл еңбекте одан әрі табыс тілейміз!










