Марапаттау
Бүгін «Астана Медицина Университеті» АҚ-да Қазақстан дерматовенерологтар, дерматокосметологтар қауымдастығының Президенті, ҚР-ның Еңбек сіңірген қайраткері, м.ғ.д., профессор Батпенова Гульнар Рыскельдыевнаға құрметті марапат — «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» кеуде белгісі табысталды!
Шын жүректен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, жаңа белестер, амандық-саулық және алғысты шәкірттер тілейміз. Сізбен шексіз мақтанамыз!


