Тілдер

You are here

Студенттер мен жас ғалымдардың I ғылыми-тәжірибелік конференциясы

 

2022 жылғы 15 сәуірде Қазақстан дерматовенерологтар және дерматокосметологтар қауымдастығының қолдауымен, КЕАҚ «Медицинский Университет Астана» дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасы және дәлелді медицина курсы бар жалпы дәрігерлік практика (ОВП с курсом ДМ) кафедрасының қызметкерлерімен бірлесіп, «Терінің созылмалы қабыну үдерістері. Пәнаралық мәселелер» тақырыбында студенттер мен жас ғалымдардың I ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — Университет білім алушыларының іргелі клиникалық пәндерге деген оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу белсенділігін ынталандыру, шығармашылық қабілеттерін ашу, сондай-ақ терапия, дерматология және аллергология тоғысындағы практикалық тәжірибемен алмасуға арналған диалогтық алаң қалыптастыру.

Конференция жұмысына Университеттің 7 клиникалық кафедрасынан 25 спикер қатысты. Олар дерматовенерология, терапия, аллергология салаларындағы өз клиникалық бақылауларын және ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды, сондай-ақ коронавирус инфекциясының пәнаралық мәселелерін талқылады.

Іс-шараға 250-ден астам қатысушы тіркелді.

Тәуелсіз бағалау комиссиясының шешімімен жүлдегерлер анықталды:

 

I орын — Нағашыбек Гүлжайна, ОВП кафедрасының ДМ курсы бойынша магистрант.

Ғылыми жетекші: к.м.н., кафедра доценті Жунусова Д.К.

II орын — Бельгебаев Жасулан, дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының резиденті.

Ғылыми жетекші: PhD, кафедра доценті Цой Н.О.

III орын — Айтенова Эльвира Рустамовна, ОВП кафедрасының ДМ курсы бойынша ассистенті.

Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен және конференция ұйымдастырушыларының естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Бұл іс-шара бірлескен ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болып, пәнаралық мәселелерді шешудегі әрі қарайғы ғылыми ізденістердің бастауы болды.

Сіз дәрігер немесе медициналық қызметкерсіз бе?