Тілдер

You are here

VI Еуразиялық дерматология, косметология және эстетикалық медицина конгресі

 

2019 жылғы 30–31 мамырда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласындаVI Еуразиялық дерматология, косметология және эстетикалық медицина конгресі өтті.

Ауқымы мен мазмұны жағынан ірі бұл медициналық шара Қазақстан дерматовенерологтар, дерматокосметологтар қауымдастығы және КеАҚ «Астана Медицина Университеті» дерматовенерология кафедрасының ұжымының күшімен жетінші рет ұйымдастырылып, дерматовенерология мен дерматокосметология саласындағы ең белсенді кәсіби қауымды біріктірді.

Конгрестің маңыздылығы халықаралық деңгейде мойындалуымен расталады: 2019 жылы іс-шараның серіктестері Халықаралық дерматология қауымдастығы (International Society of Dermatology), Халықаралық дерматоскопия қоғамы (International Dermoscopy Society), Қартаю ғылымы бойынша Халықаралық магистрлік курс академиясы (IMCAS Academy), Латвия дерматоскопия қоғамы және «Теріні қатерлі ісіктен қорғау» дерматология қоғамы болды.

Конгресс жұмысына әлемнің 17 елінен (АҚШ, Германия, Италия, Литва, Латвия, Швейцария, Израиль, Словакия, Хорватия және т.б.) 63 спикер қатысты. Олардың қатарында ұлттық қоғамдар мен қауымдастықтардың президенттері, штаттан тыс бас мамандар, халықаралық бірлестіктердің құрметті мүшелері, диагностика мен емдеудің бірегей әдістемелерінің авторлары

Делегат ретінде 350 маман тіркелді, олардың ішінде республикалық, облыстық және қалалық тері-венерология диспансерлерінің бас дәрігерлері, дерматовенерология және дерматокосметология кафедраларының меңгерушілері, Қазақстанның барлық өңірлерінен және Орталық Азия елдерінен келген дәрігерлер, сондай-ақ өзге мамандық өкілдері бар.

Сіз дәрігер немесе медициналық қызметкерсіз бе?