Тілдер

You are here

Қауымдастық туралы

Қазақстандық дерматовенерологтар, дерматокосметологтар Қауымдастығы – бұл Қазақстан Республикасының дерматовенерологтар, дерматокосметологтар дәрігерлерін біріктіретін коалициялық қоғамдық ұйым, сондай-ақ бұл денсаулық сақтау тағдырына, ұлт денсаулығына, барлық пациенттерінің әл-ауқатына қамқорлық жасайтын мамандардың орасан зор күші.

2012 жылғы 9 сәуірде Қазақстандық Қауымдастық өзінің заңды мәртебесін алды.

Қауымдастық құрудың мақсаты:

  • өз мүшелерінің қызметін үйлестіру, олардың кәсіби құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау
  • дерматологиялық мамандықтар дәрігерлерінің, дерматовенерология мәселелерімен айналысатын педагогтар мен ғылыми қызметкерлердің қоғамдық маңызы бар мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға жәрдемдесу
  • дәрігерлердің, педагогтердің, ғылыми қызметкерлердің азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға және қорғауға жәрдемдесу

Қауымдастық қызметінің мәні:

  • өз қатарына дерматовенерологтарды, дерматокосметологтарды белсенді, қоғамдық қызмет үшін тарту, олардың кәсіби және шығармашылық өсуі үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесу
  • қазақстандық тәжірибеге дерматовенерологияны, дерматокосметологияны кеңінен енгізуге және танымал етуге бағытталған мәдени, білім беру бағдарламаларын қаржыландыруға жәрдемдесу
  • кәсіби идеялар мен жобаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға көмек көрсетуге қабілетті ұйымдармен, кәсіпорындармен және мекемелермен ынтымақтастықты жүзеге асыру
  • емдеу мекемелерін аккредиттеуге және дәрігерлерді аттестаттауға қатысу
  • дерматовенеролог дәрігерлердің, дерматокосметологтардың халықаралық ынтымақтастығы мен тәжірибе алмасуына қатысу
  • қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттерін насихаттау және жұртшылықты оның қызметі туралы хабардар ету
  • дерматовенерология және Дерматокосметология саласындағы дәрігерлік мекемелерге практикалық көмек көрсету
  • баспа қызметі және оның шеңберінде медициналық мерзімді басылымдар, нұсқаулықтар мен монографиялар шығару

Сіз дәрігер немесе медициналық қызметкерсіз бе?