Буллездi эпидермолиздің халықаралық апталығы
2021 жылғы 25–31 қазан аралығында бүкіл әлемде буллездi эпидермолиздің Халықаралық апталығы өтеді. Осы апта барысында «көбелек» синдромы бар пациенттердің ең маңызды мәселелері көтеріледі.
Біздің Республиканда бұл бастаманы Қазақстан дерматовенерологтар, дерматокосметологтар қауымдастығы «Kóbelek balalar» қайырымдылық қорымен бірлесіп қолға алды. Бес күн бойы дерматолог/педиатр дәрігерлеріне және жалпы тәжірибелік дәрігерлерге (ЖТД), сирек (орфандық) аурулар бойынша өңірлік үйлестірушілерге және басқа да мүдделі тыңдаушыларға арналған семинарлар өткізіледі.
Кішкентай пациенттердің ата-аналары мен ересек «көбелектердің» күнделікті өзекті мәселелерін шешу үшін онлайн «сұрақ-жауап» айдары ұйымдастырылады.
Егер сізде де буллезді эпидермолиз туралы сұрақтар болса, бізге қосылыңыз!

