Тілдер

You are here

I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Дерматовенерология және дерматоонкопатологиядағы диагностика мен емдеудің жаңа технологияларын дамыту перспективалары»

 

Осы күндері Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында «Дерматовенерология және дерматоонкопатологиядағы диагностика мен емдеудің жаңа технологияларын дамыту перспективалары» атты I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.

Конференцияның негізгі бағыттары ретінде: дерматовенерология, дерматоонкопатология, балалар дерматологиясы, эстетикалық медицина, дерматология мен эстетикалық медицинадағы инновациялық технологиялар айқындалған.

Аталған іс-шара дерматовенерология саласында терең маманданған танымал өзбек және шетелдік ғалым-дерматологтарды, онкологтарды, дерматоонкологтарды, морфологтарды біріктіріп, тері аурулары мәселесін әртүрлі мамандықтар тұрғысынан талқылауды, халықаралық зерттеулер нәтижелерімен танысуды және клиникалық пікірлерді жинақтауды мақсат етеді.

Бұл іс-шарада елімізді құрметті спикерлердің қатарында Қазақстан Дерматовенерологтар, дерматокосметологтар қауымдастығының Президенті, м.ғ.д., профессор Батпенова Гульнар Рыскельдыевна таныстырды. Оның сирек (орфандық) аурулардың заманауи аспектілеріне арналған баяндамасында осы топтағы дерттердің эпидемиологиялық және клиникалық ерекшеліктері, патологияларды диагностикалау мен емдеуді қамтамасыз ету үшін қалыптасқан нормативтік-құқықтық база, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы бұл санаттағы пациенттерге көмек көрсетудің өзекті мәселелері қамтылды.

Сіз дәрігер немесе медициналық қызметкерсіз бе?