Тілдер

You are here

Жаңалықтар

19.04.2022
 

2022 жылғы 15 сәуірде Қазақстан дерматовенерологтар және дерматокосметологтар қауымдастығының қолдауымен, КЕАҚ «Медицинский Университет Астана» дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасы және дәлелді медицина курсы бар жалпы дәрігерлік практика (ОВП с курсом ДМ) кафедрасының қызметкерлерімен бірлесіп, «Терінің созылмалы қабыну үдерістері. Пәнаралық мәселелер» тақырыбында студенттер мен жас ғалымдардың I ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — Университет білім алушыларының іргелі клиникалық пәндерге деген оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу белсенділігін ынталандыру, шығармашылық қабілеттерін ашу, сондай-ақ терапия, дерматология және аллергология тоғысындағы практикалық тәжірибемен алмасуға арналған диалогтық алаң қалыптастыру.

Конференция жұмысына Университеттің 7 клиникалық кафедрасынан 25 спикер қатысты. Олар дерматовенерология, терапия, аллергология салаларындағы өз клиникалық бақылауларын және ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды, сондай-ақ коронавирус инфекциясының пәнаралық мәселелерін талқылады.

Іс-шараға 250-ден астам қатысушы тіркелді.

Тәуелсіз бағалау комиссиясының шешімімен жүлдегерлер анықталды:

 

I орын — Нағашыбек Гүлжайна, ОВП кафедрасының ДМ курсы бойынша магистрант.

Ғылыми жетекші: к.м.н., кафедра доценті Жунусова Д.К.

II орын — Бельгебаев Жасулан, дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының резиденті.

Ғылыми жетекші: PhD, кафедра доценті Цой Н.О.

III орын — Айтенова Эльвира Рустамовна, ОВП кафедрасының ДМ курсы бойынша ассистенті.

Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен және конференция ұйымдастырушыларының естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Бұл іс-шара бірлескен ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болып, пәнаралық мәселелерді шешудегі әрі қарайғы ғылыми ізденістердің бастауы болды.

17.03.2022
 

Наурыз мерекесі қарсаңында дерматовенерология саласы мамандарының көптен күткен офлайн кездесуіне арналған «Атопиялық дерматиттің алдын алу және емдеуге пәнаралық көзқарас» атты ғылыми іс-шара өтті. Бұл шара Қазақстан дерматовенерологтар және дерматокосметологтар қауымдастығының ұйымдастыруымен, La Roche Posay концернінің қолдауымен өтті.

Спикерлер:

-      ҚР-ның Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР ДСМ және Нұр-Сұлтан қ. ДСБ бас штаттан тыс дерматовенерологы, Қазақстан дерматовенерологтар, дерматокосметологтар қауымдастығының Президенті, м.ғ.д., профессор Батпенова Гульнар Рыскельдиевна

-      АМУ КеАҚ дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының ассоциирленген профессоры, доцент, к.м.н. Джетписбаева З.С.

Қатысушылар атопиялық дерматиттің қазіргі ағым ерекшеліктері, өзекті терапия алгоритмдері мен жаңартылған диагностикалау және емдеу клиникалық протоколы, сондай-ақ осы санаттағы пациенттерге арналған адъюванттық емдеу құралдары туралы жаңа білім алды.

Біз офлайн кездесулерді қатты сағындық, алда осындай іс-шаралар көп болады деп үміттенеміз.

Әрдайым бізбен бірге болыңыздар!

25.02.2022
 

25 ақпанда Республикамыздың 6 қаласынан 93 дәрігер (дерматовенерологтар, дерматокосметологтар және онкологтар) қатысқан доктор Раймондс Карлстың көптен күткен дерматоскопия вебинары өтті.

Қазақстандық дерматовенерологтар, дерматокосметологтар қауымдастығы біздің тұрақты серіктесіміз және мейірімді досымыз @raimondskarls-ке сәтті өткізілген іс-шара үшін, дерматоскопия саласындағы жаңа мәліметтер үшін және біздің барлық бастамаларымызға жауап бергені үшін алғыс білдіреді.

Біздің жаңалықтарымызды қадағалаңыз және өзекті оқиғаларды жіберіп алмаңыз!

16.02.2022
 

Бүгін, 2022 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде бас штаттан тыс дерматовенеролог, КАДД президенті, профессор  Батпеновой Гульнар Рыскельдыевнаның бейіндік қызметтегі ағымдағы ахуал туралы есебі өтті:

* ҚР өңірлерінде созылмалы дерматоздармен, жұқпалы және паразиттік тері ауруларымен және ЖЖБИ-мен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық ерекшеліктері баяндалды.

* Еліміздің қалалары мен облыстарының дерматовенерологиялық қызметінің денсаулық сақтау объектілерінің қызметіне егжей-тегжейлі талдау жүргізілді.

* Тері-венерологиялық қызметті жаңғырту алгоритмдері ұсынылды, проблемалық мәселелер мен қызметтің тиімділігін арттыру жолдары айтылды.

* Медициналық көмек көрсету сапасын және халықтың бейіндік көмекке қанағаттануын арттыру; төсек қорының жұмысын оңтайландыру; ЖЖБИ мен тері ауруларының бастапқы және қайталама профилактикасы мәселелері бойынша емдеу және профилактикалық жұмысты жандандыру жоспарында дерматовенерологиялық қызметті жетілдіру жөніндегі бағыттар айқындалды.

Бұл жұмыс біздің бейініміздің мәселелеріне назар аударып қана қоймай, Қазақстан Республикасында дерматовенерологиялық қызметті жақсарту жөніндегі стратегияны әзірлеуге мүмкіндік береді.

Беттер

Сіз дәрігер немесе медициналық қызметкерсіз бе?